Детский сад“Нұр-Дәулет”

Екінші кіші "Гүлдер" тобына қош келдіңіздер!

Біздің ұранымыз:
Бала бақшам базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйімі сияқты.

Жас мөлшері: 2-3 жас.

Бала саны: 25 бала. 

"Гүлдер" тобының тәрбиеші:
Мылтықбаева Рысгуль Мұқайқызы.
Қодашева Жұлдыз Нұрланқызы.
Талапшыл, шыншыл, балаларды жақсы көреді.
Тәрбиеші болу-жүректің батырлығы,
Тәрбиеші болу-сезімнің ақындығы,
Тәрбиеші болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

Тәрбиешінің көмекшісі: Алпысбаева Мөлдір.
Жымиып күлген күлкісі,
Жүрісі мен тұрысы.
Өзіне тартып ортасын,
Жарасымды қылығы.
Бақыт біздің осындай

Біздің 2-ші сәбилер тобы өте ақылды, тәртіпті, өнерлі. Біз өлең айтқанды, билегенді жақсы көреміз және  шығармашылық жұмыстармен айналысқанды ұнатамыз. Мерекелік іс-шараларға белсене ат салысамыз.