Детский сад“Нұр-Дәулет”

«Нұр–Дәулет»  балабақшасындағы

«Нұр  шашу»

 3 желтоқсан күні «Нұр–Дәулет» балабақшасының ұжымы үшін ерекше басталды. Себебі бұл күні балабақшаның бір жылдық мерейтойы болатын. Таң сәріден ағылып жатқан ата-аналар бүгін ерекше көңіл күйде. Балаларын топтарына әкелген ата-аналар балабақша ұжымын және топ тәрбиешілерін бүгінгі бір жылдық мерейтойларымен құттықтап жатты.

2011-ші жылы желтоқсан айында Үйсімбаева Райса Сәдуақасқызы 30 бала алуға мемлекеттен тапсырма алып «Нұр–Дәулет» балабақшасын ашты. Балабақша меңгерушісі етіп Бейісханова Айымгүл Калимбекқызы тағайындалды.

Өз біліктіліктерін көрсете білген балабақшаның ұжымы 2012-ші жылы 140 бала алуға тапсырыс алды. Мемлекеттің сенімін ақтаған осы балабақша 2013-ші жылдың қаңтар айында 200 бала алуға тапсырыс алып, өз жұмысын жандандырып, билингвальдік компонентте жұмыс жасай бастады. Бір жыл бойы жұмыс жасаған балабақшада бүгінгі таңда 200 бүлдіршін тәрбиеленіп, 40-қа жуық қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Балабақшаның бір жылдық мерейтойына Семей қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері Айжан Жұмабекқызы мен Гаухар Аманжолқызы және қаланың басқа да балабақшаларының меңгерушілері келіп қатысты. Келген қонақтарды өздерінің қонақ жайлылықтарымен әдіскерлер Майя Дәулетқызы мен Эльмира Төкенқызықарсы алды. Келген қонақтар өздерінің саяхатын ғимараттың бірінші қабатынан бастап, қараса көз тоймайтын дәліздегі славьян үлгісінде жабдықталған қабырғаларды көріп таң-тамаша болды. Екінші қабатқа көтеріліп бара жатып, баспалдақ бойында ілініп тұрған ағылшын үлгісінде жасалған екі қабатты автобус көлігі мен телефон дүңгіршегіне назарларын аударды. «Нұр–Дәулет» балабақшасы балаларының 3 тілді меңгеріп (қазақ, орыс, ағылшын) билингвальдік компонентте жұмыс жасап жатқандары айқын дәлелденіп тұрды. Ары қарай ғимараттың екінші қабатына көтерілген қонақтар ондағы қазақша үлгіде безендірілген қабырғаларды көріп оның әсемдігіне таңдана қарады. Кезек топтарға келіп жетті. Қонақтар саяхаттарын одан әрі топтарда жалғастырды. Ерекшеліктері бір-біріне ұқсамайтын қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелерді көргенде, жан-жақтарына қарап аң-таң болған қонақтар өздерінің таңқалғандарын жасыра алмады. Балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысып шыққан қонақтар ендігі кезекте балабақша ұжымының дайындаған мерекелік ән-шашуын тамашалауға бет бұрды.

Ортаға тәрбиеші Айнұр Өмірғалиқызы шығып, балабақша жетістігімен таныстырып өтті. Кезек бүлдіршіндерімізге келіп жетті. Аққудың балапандарындай тізіліп шыққан София, Дайана, Амина сынды бүлдіршіндер келген қонақтармен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде амандасып ән- шашуды бастап берді. Ортаға Мейрамгүл Жомартқызы жетекшілік ететін тәрбиешілерден құрылған «Нұр-шашу» би тобы шықты. Мың бұрала билеген бишілердің «Шашу» биіне риза болған қонақтар шапалақтарын аямады. Кішкентай бүлдіршіндердің сәби қолымен шашқан шашуларын жинаған қонақтар тағы бірмәртеразы болып  қалды.

Кезек  әнге  келді. Балалардың сәби үнімен орындаған «Отан» әні жүректен жүрекке жетіп жатты. Мейрамгүл Жомартқызы жетекшілік ететін бүлдіршіндерден құрылған бишілер тобы «Радуга  жизни» биімен шығып өнер көрсетті. Бидің құрылымы ашық аспанда Нұршашып тұрған күннің бейнесі, сәулесін ашық реңмен алысқа таратып шуағына балабақша бүлдіршіндерін бөлеп тұрғанын айқын бейнеледі. Кезек әнге де келіп жетті. Гүлмира Ембергенқызы жетекшілік ететін тәрбиешілер мен бүлдіршіндерден құрылған әншілер қауымы шығып «Я Казах» әнін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тәрбиешілеріне қосылып қазақ және басқа ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері орындағанда тебіренбеген адам қалған жоқ.

Ортаға «Ботақан» әнімен кішкентай ботақандар шықты. Өздерінің бақытты балалық шақтарын «Нұр–Дәулет»-тей балабақшада алаңсыз өткізіп жатқандарын сәби үндері айқындап тұрды. Ән-шашудың соңы кешегікүні болашаққа бастауларын осы балабақшадан алған мектепалды даярлық топтарында және бастауыш сыныптарда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер мен топ тәрбиешілерінің орындауындағы балабақша гимнімен аяқталды. Сөз кезегі қонақтарға берілді. «Нұр–Дәулет» балабақшасының ұжымына деген өздерінің жүрек жарды лебіздерін, ыстық ықыластарын жеткізді. Ақ жарқын пейілдеріне, кіршіксіз таза көңілдеріне шексіз алғыстарын білдірген қонақтар балабақша ұжымына ақмаржаннан өрілген ақжол тілеп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

«Нұр–Дәулет» балабақшасының туған күні - еліміздің Тұңғыш Елбасы күнімен сәйкес келгендігін бұл да бір жақсылықтың нышаны деп білдік. Осы балабақшаның көтерген шаңырағының керегесі кеңейіп, босағасы болаттай мықты болып, тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндері шаңырақ қашаншылған уықтай, ұлықты болып, егеменді Қазақстанымызда беделі асқақтаған қара шаңыраққа айналуына бізде іштей тілеп тұрдық.

 «Нұр – Дәулет»  балабақшасы ұжымы 


 

С Днем рождения детский сад

«Нур-Даулет»!

Третье декабря, уходящего 2013 года стал особенным для детского сада «Нур-Даулет». Детский сад отмечал свой первый день рождения. День рождения – это всегда праздник. Как и любой день рождения здесь ждали гостей.

В гостях были специалисты департамента образования Айжан Жумабековна и Гаухар Аманжоловна.

Сотрудники детского сада провели экскурсию по учреждению.

Гости отметили необычное оформление фойе. Если на первом этаже это было в славянском стиле, то второй этаж оформлен в казахском этностиле.

При подъеме по лестнице в глаза бросается автобус англичан и телефон доверия, который говорит о том, что в детском саду используется трехязычие и показана культура трех стран.

В саду светлые, просторные, уютные группы, оборудованные по самым современным требованиям времени.

Оказавшись в музыкальном зале, чувствуешь себя как в сказочном мире.

Гостей ждал праздничный концерт, который начали на казахском, русском, английском языках воспитанницы детского сада. Ведущая праздника Айнур Омиргалиевна рассказала о создании детского сада «Нур-Даулет».

Концертную программу праздника открыла танцевальная группа «Нур шашу» созданная из воспитателей этого же детского сада под руководством хореографа Мейрамгуль Жомартқызы.

Никого не могла оставить равнодушным песня «Отан» исполненная детьми, под руководством музыканта Гулмиры Ембергеновны.

Продолжил праздник танец «Радуга жизни», который олицетворял в себе солнце, дарящее радость жизни.

Большое внимание в детском саду уделяется патриотическому воспитанию детей. Тому был пример песни «Я – казах» исполненный детьми и воспитателями на трех языках.

Следующим номером была песня «Ботақан», которая подкупила всех своей детской непосредственностью.

Завершился праздник гимном детского сада и гимназии, где была показана преемственность детского сада, предшколы и школы.

Этот номер был исполнен ученицами гимназии, воспитанниками детского сада, а также всем коллективом детского сада «Нур-Даулет».

В завершение праздника гости выразили свои теплые, искренние пожелания коллективу детского сада.

В день рождения хотим сказать о коллективе сотрудников и родителей: «Он самый хороший, другого такого нет!». Мы все, как большая, дружная семья.

Самые яркие улыбки, самые теплые слова и самые искренние пожелания добра и счастья в этот день адресуем своему самому родному, самому любимому коллективу.

Расти и процветай, наш детский сад «Нур-Даулет»!

Коллектив детского сада «Нур-Даулет»